«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 4 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, патриоттық тәрбие процесінде талантты мұғалімдерді оқу және сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға ынталандыруға бағытталған «Туған жер – тұнған тарих» облыстық сырттай байқауы өткізілді.
Байқауға Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің сынып жетекшілері мен тәлімгерлері қатысты. Байқауға 24 жұмыс ұсынылды.
«Туған жер - тұнған тарих» облыстық сырттай байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын – Шыныбекова Улан, Жақсы ауданы, Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің сынып жетекшісі.
II орын – Долай Бахитгул, Зеренді ауданы Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің сынып жетекшісі;
II орын – Мамадиярова Сапаркуль Базарбаевна, Көкшетау қаласы, Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп – лицейінің сынып жетекшісі.
III орын – Поликарпова Анастасия Анатольевна, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің сынып жетекшісі;
III орын – Шайсултанова Асель Сарбаевна, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің сынып жетекшісі;
III орын – Аманбаева Раушангуль Талгатовна, Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің сынып жетекшісі.
Байқаудың қатысушылары мен жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің грамоталарымен, дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталады.