Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 1-12 қараша аралығында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық (сырттай) конкурсы өткізілді.
Конкурс мақсаты: оқу-тәрбие үрдісінде заманауи инновациялық білім беру технологияларын қолданатын бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру.
Конкурс қорытындысы бойынша төмендегі мұғалімдер жеңімпаз атанды:
1 орын - Лихачева Татьяна Сергеевна,"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясы" КММ бастауыш сынып мұғалімі;
2 орын - Шаяхметова Казына Альмаганбетовна, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназиясы" КММ бастауыш сынып мұғалімі;
3 орын - Хамзина Бекзат Ибрашевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
«Үздік бейне сабақ»номинациясы бойынша Забавко Ольга Николаевна,«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
«Үздік портфолио» номинациясы бойынша Киселева Татьяна Григорьевна,«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Родина ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
«Үздік эссе» номинациясы бойынша Ануаров Шынғыс,«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты–Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі марапатталады.
20 педагог конкурсқа қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.