2021 жылғы 11 қарашада Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасын зерттеу және тарату бойынша үздік педагогикалық идеяларды қолданатын, балалармен шығармашылық жұмыс істейтін, креативті және дарынды педагогтерді анықтау мақсатында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері үшін «Даланың алып қоңырауы» облыстық сырттай педагогикалық оқулар конкурсын өткізді.
Конкурсқа облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының 22 педагогы қатысып, материалдарды мақалалар, баяндамалар және эссе түрінде ұсынды.
Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша әрбір басым бағыттарда келесі орындар анықталды:
І орын - Д. Кунтуганова, Жарқайың ауданы, Державинск қаласының «Солнышко»балабақшасы әдіскері;
ІІ орын - Н.Сахнова, Атбасар ауданының «Еркежан» бөбек-жайының тәрбиешісі;
ІІІ орын - У.Сабекова, Жақсы ауданының «Дән» бөбек-жайының тәрбиешісі.
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдарымен марапатталады.