Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жанында 2020 жылдан бастап оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету мақсатында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері қатарынан құрылған мобильді топ қызмет етеді. 2021 жылғы 10-12 қараша аралығында Қорғалжын, Егіндікөл, Астрахан аудандарына әдістемелік шығу ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада жоғарыда аталған аудандар бойынша барлығы 11 мектеп қамтылды.
Консультативтік – әдістемелік көмек белсенді пікірталас алаңы түрінде өтті және нормативтік – құқықтық база, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, шағын жинақты мектеп, үлгілік оқу жоспары, оқу жұмыс жоспары, критериалды бағалау, тәлімгерлік, қорытынды аттестаттау, әдістемелік нұсқаулық хат қатысты мәселелер талқыланды.
Әдістемелік қолдау тобының жұмысы барысында нормативтік құқықтық қамтамасыз етуге, 2021-2022 оқу жылында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға, оқу жетістіктерін бағалау жүйесіне, критериалды бағалауға, мектепішілік бақылауды ұйымдастыруға, педагогикалық тәжірибені жалпылауға, аттестаттауға дайындық мәселелеріне, педагогтердің әртүрлі санаттарымен сараланған жұмыс жүйесіне, ШЖМ-ті оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге, тірек және магниттік мектептердің оқу қызметін ұйымдастыруға және педагогикалық мәдениет пен этика қағидалары мәселелерін талқылауға назар аударылды.