«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыс мектептеріндегі педагогикалық практика және STEM технологиясын енгізу тәжірибесі

19.11.2021

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес Ақмола және Қарағанды облыстары мұғалімдерінің өңірлік командасы – «Jana Talap» халықаралық жобасының қатысушыларымен бірлесіп облыс педагогтеріне STEM технологиясын енгізуді іске асыруда әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2021 жылғы 18 қараша күні  Ақмола облысының аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің педагогтеріне арналған «Облыс мектептеріндегі педагогикалық практика және STEM технологиясын енгізу тәжірибесі» тақырыбында zoom платформасында онлайн семинар өткізілді.

 Семинар тәжірибе алмасу және коллаборативті ортаны ұйымдастыру арқылы Ақмола облысының мектептерінде оқыту тәжірибесіне STEM технологиясының бастапқы тәжірибесін енгізу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Ляззат Сураганкызы Курмангалиева заманауи мектепте STEM технологиясының қажеттілігі мен артықшылықтары және облыс мектептерінде оқыту практикасына енгізудің мүмкіндіктері туралы айтып  өтті.

Семинар жұмысы барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Ақмола облысының мектептерінде биология, химия пәндерін оқыту тәжірибесіне 5Е-оқыту циклын енгізудің алғашқы тәжірибесі;
  • 5Е цикл әдістемесі арқылы 7-сыныпта химия сабақтарында жобалық оқыту;
  • Практикада Problem-based learning (PBL) қолданудың негізгі аспектілері: химиялық-биологиялық компонент;
  • Практикада Problem-based learning (PBL) қолданудың негізгі аспектілері: математикалық және IT компоненттері;
  • Қазақстан Республикасының мектептерінде STEAM технологиясын енгізу перспективаларына SWOT талдау: өзектілігі, мүмкіндіктері мен тәуекелдері.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша интерактивті онлайн-тақтаны пайдалана отырып, ұжымдық ретроспективті рефлексия жүргізілді және облыс мектептерінде оқытуда STEAM технологиясын  іске асыру мақсатында ұсынымдар қабылданды.

 

Сауле АЛИЕВА, әдіскер-ментор,

Ақмола облысы  білім басқармасының

 «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ

Просмотров: 314


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст