«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасылық қарым-қатынас клубы мүшелері арасында өткізілген «Парасатты отбасы» үздік эссе облыстық сырттай байқауының қорытындысы туралы ақпарат

25.11.2021

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында білім беру ұйымдарының отбасылық қарым-қатынас клубы мүшелері арасында өткізілген «Парасатты отбасы» үздік эссе облыстық сырттай байқауының қорытындысы шығарылды.

Аталған іс-шараның мақсаты қоғамның негізі болып табылатын парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты, сонымен қатар балалар мен жастардың  сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы мінез-құлықтарын  қалыптастыру болып табылды.

Облыстық байқауға Ақмола облысы білім басқармасының барлық аудандық және қалалық білім бөлімдерінің өкілдері белсенді қатысты. Байқау жұмыстарында қатысушылар жауапкершілік, адалдық, парасаттылық тек тату отбасында қалыптасатынына және бұл барлық жағдайда табысқа жетудің кілті екендігіне назар аударды.

Байқаудың қорытындысы бойынша облыстық сырттай байқаудың жеңімпаздары анықталды:

1 орын - Картенбай Г. А. (Қорғалжын ауданы), Аристанова Д. С. (Зеренді ауданы), Мадиева А. Е. (Біржан Сал ауданы);

2 орын - Капезов А. О. (Степногорск қ.), Уаисова С. К. (Көкшетау қ.), Нурмагамбетова Г. Ж. (Астрахан ауданы), Жандильдина Б. Н. (Целиноград ауданы);

3 орын - Москалева К. В.(Ақкөл ауданы), Шинжанов Б.    К. (Атбасар ауданы), Мунира К. (Есіл ауданы), Исаева Б.Ж. (Жарқайың ауданы), Есенеева Р.Е. (Бурабай ауданы).

Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст