«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мемлекеттік тіл-менің тілім» республикалық форум

24.12.2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алғаш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық форумын өткізді.

 Іс-шара мемлекеттік тілді оқыту тәсілдерін жетілдіру арқылы еліміздегі барлық этнос өкілдері арасында қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Форум жұмысына Ақмола облысының мемлекеттік тілді меңгерген                30-дан астам студенті қатысты. Іс-шара аясында студенттерге қазақ тілін меңгеруді дамыту бойынша ұсыныстар мен практикалық кеңестер берілді.

 Ақмола облысының жастары атынан Ж.Мусин атындағы  Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің 2 курс студенті Клепцова Виктория сөз сөйледі. Өз сөзінде ол барлық қазақстандықтарды топтастырудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді үйренудің артықшылдығын  атап өтті.

Просмотров: 407


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст