Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына «Цифрлық сауаттылық» оқулықтарының енгізілуіне байланысты Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ 2022 жылғы 27 қаңтарда Ақмола облысының информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Алматыкітап» баспасымен онлайн кездесу ұйымдастырды. Вебинарға оқулықтардың авторлары, «Алматыкітап» баспасының редакторлары мен әдіскерлері қатысты. Вебинар барысында «Алматыкітап» баспасының 1 сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу-әдістемелік кешендерін құру ерекшеліктері, сондай-ақ бастауыш сыныптар мен орта мектептегі «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» оқулықтарының құрылымы мен мазмұны түсіндірілді. Спикерлердің ұсынған ұсыныстары педагогтерге оқу жоспарларының құрылымын тиімді құруға және білім беру қызметінің осы өзекті бағыты бойынша оқушылармен жұмысты сауатты ұйымдастыруға пайдалы болады.