«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Информатика және физика сабақтарында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру» тақырыбында әдістемелік сағат

14.02.2022

2022 жылғы 11 ақпанда информатика және физика мұғалімдері қауымдастығының жоспарына сәйкес «Информатика және физика сабақтарында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру» тақырыбында әдістемелік сағат өтті. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы физика және информатика сабақтарында оқыту сапасын арттыру» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері А.Б. Омарова сөз сөйледі. Өз сөзінде сабақтарда цифрлық бағдарламалық құралдар мен интернет-ресурстарды қолдану әр түрлі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті: оқытудың көрнекілігі мен пәнге деген қызығушылықты арттырады, оның саралануын қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін бақылауды және сабақтардағы оқушылардың танымдық белсенділігін жеңілдетеді. Пәндік қызметте жұмыс істеу үшін интернет-сервистер, платформалар және цифрлық білім беру ресурстары ұсынылып, көрсетілді.

Дина Тулипергеновна Салыкова, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы білім бөлімі Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі «Сабақта кері байланыс әдісі ретінде QR-технологияларды қолдану» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Мұғалім кез-келген сабақты қызықты етуге көмектесетін заманауи технологиялар туралы айтып өтті. Ең бастысы — оларды әдістемелік тұрғыдан дұрыс пайдалану. QR кодтарын жасау үшін түрлі ресурстар көрсетілді.

Просмотров: 402


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст