16.02.2022
2022 жылғы 11-14 ақпан күндері «Функционалдық олимпті бағындыру» функционалдық сауаттылық бойынша онкүндік аясында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтеріне арналған вебинар ұйымдастырылды. Вебинар барысында келесі мәселелер талқыланды:
- «Оқу сауаттылығын дамыту» Журба Лилия Витальевна, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері.
- «Биология және химия сабақтарында функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмаларды қолдану» Забиякина Оксана Сергеевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейі» КММ, химия және биология пәнінің мұғалімі
- «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға арналған интерактивті тапсырмаларды әзірлеу бойынша ұсыныстар» Шаталова Светлана Анатольевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қ. №11 мектеп-гимназиясы» КММ, биология пәнінің мұғалімі.
- «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру: тәжірибе, мәселелер, шешімдер» Шаяхметова Бибигуль Каиргельдиновна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, №2 мектеп – лицейі» КММ, биология пәнінің мұғалімі.
- «Оқу сауаттылығын дамыту» Мусина Айгуль Даулетжановна, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері
- «Әдебиет сабағында көркем шығармаларды оқу кезінде оқушыларды функционалдық сауаттылыққа тарту жолдары» Оспанова Эльмира Жанадиловна, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державинск қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
- «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері» Абжанова Мулькарат Кадырбековна, «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашино ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ, қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
Вебинарда химия және биология пәндерінен функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмаларды қолданудың шеберлік сағаттары өткізілді. Педагогтерге практикаға бағытталған тапсырмалар, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға арналған интерактивті тапсырмаларды әзірлеу бойынша ұсынымдар ұсынылды.
Аталған іс-шараның барлық қатысушылары пәнаралық байланысты пайдалана отырып, химия, биология пәндерінен интерактивті тапсырмаларды орындауға белсенді қатысты.