2022 жылдың 15 ақпанында Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған «Ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану және дамыту, мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық белсенділігін арттыру» вебинарын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты тәрбиеленушілердің түрлі қызметте коммуникативтік дағдыларын дамыту, тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру болып табылады.
Вебинар барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті. Жақсы ауданы «Дән» балабақшасының әдіскері Сабекова Үміт Ақпарқызы мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамытудың тиімді тәсілдері туралы баяндама жасады. Көкшетау қаласындағы «Қуаныш» балабақшасының тәрбиешісі Кабдушева Жайнагуль Байбатыровна қазақ тілі сабағында білім беру үдерісін ұйымдастыру және балалардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ Бұланды ауданының білім бөлімінің әдіскері Баитова Галия Рахимовна өз сөзінде жобалық қызмет арқылы тәрбиеленушілердің ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру туралы баяндады.
Вебинар соңында одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар әзірленді.