2022 жылғы 15-16 ақпанда Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында дарынды оқытушыларды қолдау, педагогикалық мамандықтарды танымал ету мақсатында білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық онлайн - конкурс өткізілді.
Конкурсқа жалпы білім беретін және арнайы пәндердің 26 оқытушысы қатысты. Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді: педагогикалық сала педагогтері және жалпы білім беру пәндері педагогтері.
Конкурс барысында педагогтер теориялық және практикалық дайындықты, білім беру үдерісінде инновациялық тәсілдерді шебер пайдалануды көрсетті.
Педагогикалық мамандықтар бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Т.М. Жоламанова, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы;
2 орын – Е. Н. Виссарионова, Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы;
3 орын – К.Ж. Искендерова, Ш. Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы.
Сонымен қатар жалпы білім беру пәндері бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – А.Е.Касымов, Красный яр а. агротехникалық колледжінің оқытушысы;
2 орын – Ж.А.Ехсанова, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы;
3 орын – Г.Е. Ибраева, азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқытушысы.
Конкурстың барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз.
Жеңімпаздарға конкурстың республикалық кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғауда сәттілік тілейміз!
«ОУӘК» ТжКББ бөлімі