«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Ең үздік психолог кабинеті» облыстық сырттай конкурсы

17.02.2022

        Практикалық психолог кабинеті — білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық көмек пен қолдау көрсетудің бірыңғай жүйесінің бір буыны. Оның міндеті уақытылы білікті консультативтік-әдістемелік, психологиялық және психокоррекциялық көмек көрсету болып табылады.

        2022 жылғы 16 ақпан күні оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруда психолог кабинетінің рөлін күшейту мақсатында «Ең үздік психолог кабинеті»  облыстық сырттай конкурсының сараптама комиссиясының отырысы өтті.        

         Облыстық конкурсқа 28 білім беру ұйымдары қатысты.

Конкурс  үш санат бойынша өткізілді: 

Мектепке дейінгі білім санатында:

I орын  -  «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Запорожье ауылының «Айгөлек» бөбекжайы» МКҚК;

II орын   - «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының «№3 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК;

III орын - «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Пригородное ауылының «Балапан» бөбекжайы» МКҚК.

Жалпы орта білім беру санатында:

I  орын  - «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;

II орын – «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қийма ауылының Қ. Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;

III орын  - «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.

ТжКОБ ұйымдары санатында:

I орын  -  «Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК;

II орын – Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК;

III орын   - Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледжі» МКҚК.

 

 

                                                                           ООӘК әдіскері И.И. Ермұханова

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст