Текст
2022 жылғы 25 ақпанда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бектайұлы Бейсембаев пен Ақмола облысы әдістемелік қызметінің педагогтары арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында әдістемелік қызметтің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.Талқылау барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Құрманғалиева Ләззат Сұрағанқызы, Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалы директоры Иманова Әлия Нағметқызы, Көкшетау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Пазылова Гүлмира Шойғаринқызы, аудандардың әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері сөз сөйледі.
Ғани Бектайұлы жиналғандардың назарын пән бірлестіктерінің жұмысын жандандыру, педагогтердің біліктілігін арттыру мәселелеріне, оқу бағдарламаларын қайта қарау мен өзгертужұмыстарына,оқулықтар сараптамасына әдіскерлердің атсалысуының маңыздылығынааударды.
Қатысушылар еліміздің білім беру жүйесін дамытудың игілігі үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен алдағы уақытта да тиімді ынтымақтастыққа сенім білдірді.