2020-2023 жылдарға арналған білім беру процесіне экологиялық тәрбиені енгізудің Жол картасын іске асыру аясында ағымдағы жылғы 23 ақпанда Ақмола облысының сынып жетекшілері мен қосымша білім беру педагогтері арасында «Экологиялық білім беру және тәрбиелеу» үздік әдістемелік әзірлемелердің облыстық сырттай конкурсы өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты: экология, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында білім алушылармен оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыратын педагогтердің тәжірибесін қолдау және насихаттау, экологиялық тәрбие барысында оқу-білім беру процесінде қолдану үшін әдістемелік әзірлемелер банкін құру.
Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде 26 әдістемелік әзірлеме ұсынылды.
Конкурс қорытындысы бойынша облыстық сырттай конкурс жеңімпаздары анықталды:
I орын – Оспанова Гульжамиля Ертаевна, Біржан сал ауданы Бұланды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі; Хохлунова Наталья Николаевна, Астрахан ауданы Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі.
II орын – Борисенко Регина Николаевна, Көкшетау қаласының №13 «ЭКОС» экологиялық мектеп - гимназиясы; Юшко Галина Сергеевна, Көкшетау қаласының №5 көпсалалы «Тандау» гимназиясы; Григорьева Анна Николаевна, Сандықтау ауданының өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдаудың облыстық орталығы; Урумбаева Сауле Кусаиновна, Көкшетау қаласының №2 мектеп – лицейі.
III орын – Умурзакова Гульдана Кайратовна, Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі; Ахметвалиева Татьяна Владимировна, Степногорск қаласы Қырық құдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі; Ескараев Ерден Дауренович, Бұланды ауданы Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі; Рубасова Наталья Петровна, Аршалы ауданы Константиновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі; Журавецкая Инна Андреевна, Жақсы ауданы Манастырка ауылының бастауыш мектебі; Сулейменова Карлыгаш Дулатовна, Степногорск қаласы Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!