Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 28 ақпан 01 наурыз аралығында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» облыстық эссе байқауы өтті. Байқауға аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінен 15 жұмыс ұсынылды және қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған мұғалімдер анықталды:
I орын - Молдыбаева Гульмира Сайлауовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Кировское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
II орын - Акатова Айжан Аманжоловна, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясы» КММ;
III орын - Хойчбай Ермурат, «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Мамай ауылының негізгі орта мектебі» КММ.
Жүлдегерлер Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдарымен марапатталады.