«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының жеңімпаздары

02.03.2022

Педагогикалық шеберлік конкурстары педагогтің қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру, оқыту мен тәрбиелеу процесіне тиімді әсер ететін инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдау мақсатында өткізіледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаз мұғалімдерінің үздік авторлық жобалары ағымдағы жылғы 01-02 наурыз аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында өткен конкурстың қорытынды кезеңіне қатысу үшін ұсынылды.

Мәлімделген жұмыстардың тақырыптары оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі аспектілерін қамтыды.

Белсенді әдістемелік қолдаудың және жеңіске деген зор ұмтылыстың арқасында біздің мұғалімдер жақсы нәтижелер көрсетті:

І дәрежелі дипломмен - Тлеулина Галия Жамалетдиновна (Ақкөл ауданы);

ІІ дәрежелі дипломмен - Нұршәріп Сәндігүл (Зеренді ауданы), Кинцель Александр Евгеньевич (Степногорск қаласы), Абылкалыкова Роза Батырхановна (Көкшетау қаласы),  сонымен қатар «Кәсіби шеберлігі үшін» номинациясы бойынша Шапенова  Гаухар Кабдешевна (Көкшетау қаласы) грамотамен марапатталды.

Біздің жеңімпаздар шығармашылық табиғатымен, өзін-өзі жетілдіруге деген ықыласымен, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге деген ынтасымен ерекшеленеді. Қазіргі таңда, тез өзгеретін әлемде бұл ұмтылыс өте өзекті болып табылады.

 

 

Кожахметова С.Т.,

Ақмола облысы білім басқармасының

 облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің

 ұйымдастыру-талдау жұмысы, курстық

дайындық  бөлімінің басшысы

02.03.2022 ж.

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст