«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Итоги заочного областного конкурса педагогического мастерства «Вернисаж педагогических идей»

02.03.2022

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 2 наурызда Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің информатика пәні мұғалімдері арасында «Педагогикалық идеялар вернисажы» сырттай облыстық педагогикалық шеберлік конкурсы өткізілді. Конкурсқа информатика пәнінің 21  мұғалімі қатысты. Конкурс үш бағыт бойынша өткізілді: «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы заманауи оқыту технологиялары; «Информатика» пәнін оқытудағы заманауи оқыту технологиялары; информатика және цифрлық сауаттылық сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын құру және енгізу.

Конкурс барысында информатика пәнінің мұғалімдері әр түрлі бейне материалдарды ұсынды: бейнесабақ, шеберлік сағаттар, мобильді қосымшаны әзірлеу және сайттар.

Конкустың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын – Бексолтан Алтангул, «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, информатика пәнінің мұғалімі;

2 орын – Белицкая Анна Васильевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласы № 13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясы» КММ,  информатика пәнінің мұғалімі;

3 орын – Амангелді Айжан, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі «Көкшетау қаласыныңәл-Фараби атындағы IT лицейі» КММ,  информатика пәнінің мұғалімі.

Номинациядағы үздіктер:

  • «Үздік практик»

Нагиева Татьяна Александровна, «Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының С.Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, информатика пәнінің мұғалімі

  • «Сандық трансформация»

Алиманов Адиль Жаксылыкович, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, информатика пәнінің мұғалімі;

  • «Мұғалім -стратег»

Андреева Ольга Филипповна, «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, информатика пәнінің мұғалімі,.

Конкурстың барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жеңістер тілейміз!

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст