«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заманауи мұғалім... Ол қандай?» тақырыбына облыстық семинар туралы ақпарат

04.03.2022

2022 жылғы 3 наурызда  «№13 «ЭКОС» мектеп – гимназиясы» КММ базасында жас педагогтерге  арналған  «Заманауи мұғалім... Ол қандай?»  облыстық семинар өтті.
Семинар жас педагогтердің  кәсіби және тұлғалық өсуін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. 
Іс-шара аясында мұғалім-тәлімгерлер семинарға қатысушыларға интерактивті оқыту әдістері бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Жас педагогтер пәндер бойынша ашық сабақтар көрсетті.
Іс-шара екі форматта өтті: offline және online. 
Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімінің басшысы С.Т. Қожахметова құттықтау сөз сөйледі. Облыстық семинар жұмысына Көкшетау қаласының 50 жас педагогі, тәлімгерлері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты және ZOOM платформасы арқылы Ақмола облысының 86 педагогі қосылды.
Жас мұғалімнің кәсіби бейімделуіне жәрдемдесу, шығармашылық әлеуетін дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмек көрсету, бос уақытты ұйымдастыру, педагогтің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесінің әлеуметтік қажеттіліктермен тұрақты байланысын қамтамасыз ету қажеттілігін мойындай отырып, жас мұғалім мектебі жұмысының келешекке арналған негізгі бағыттары айқындалды.
Облыстық семинар ашық диалог, практик-мұғалімдер мен жас педагогтер арасында пікір алмасу, оқу пәндерін оқыту  әдістемесіне оңтайлы тәсілдерді іздеу жағдайында өтті.

Просмотров: 416


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст