2021 жылғы 3 наурыз күні Петропавл қаласындағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында «Мектептегі тарихи білім: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» тақырыбы бойынша тарих пәні мұғалімдерінің республикалық съезі өтті.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен өткен съезге ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, тарихшы ғалымдар, еліміздің барлық өңірінен келген әдіскерлер мен мұғалімдер қатысты.
Ақмола облысы делегациясы құрамына 19 педагог кірді. Мұғалімдер секциялық жұмыстарға белсене қатысты.
Съезд жұмысында тарих пәнінің өзекті мәселелері, мектептегі тарихи білімнің мазмұны: орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу жетістіктерін бағалау, оқушылардың тарих бойынша ғылыми-жобалық зерттеулері, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, аттестаттау мәселелері көтерілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі жұмыс барысында айтылған барлық мәселелер мен проблемаларды назарға алады.