2019 жылдың 30 қаңтар айында Көкшетау қаласындағы №1 Құрылыс- техникалық колледжі базасында «Денсаулықты және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» бағдарламасын енгізу шеңберінде білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу» облыстық оқыту семинары өтті. Мақсаты: «Денсаулық және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» бағдарламасы бойынша облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Семинарға Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысты.
Семинар диалогтық алаң түрінде өтті, қатысушылар қазіргі кездегі жағдайды белсенді талқылап, туындаған мәселелерді алқалы түрде шешті.
Семинардың қорытындысы бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды, шешілді және қорытындысы шығарылды. Әдістемелік ұсынымдар берілді.