«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТТЫ ЕНГІЗУ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» республикалық семинар

08.02.2019

2019 жылғы 7-8 ақпан күндері  Көкшетау қаласында Ақмола облысының білім басқармасы «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-мен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына (колледждер) қолданбалы бакалавриатты енгізу проблемалары бойынша республикалық семинар өткізді.

Республиканың 46 жоғары колледжінің өкілдері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриатты енгізудің алғашқы қорытындыларын талқылау, пікір алмасу, оқу-әдістемелік кешен нысандары бойынша бірыңғай ұсынымдар әзірлеу мақсатында кездесті.

Семинарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, Білім саласындағы бақылау департаментінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының, облыстың жоғары оқу орындарының, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері шақырылды.

Семинардың пленарлық бөлімінде Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Қарағанды, Ақмола облыстарының, Астана қаласының жоғары колледждері өкілдерінің  баяндамалары тыңдалды.

Семинар жұмысына 280-ден астам адам келіп, студенттердің жетістіктері мен шығармашылық жұмыстарының көрмесіне қатысты. Күннің екінші жартысында семинарға қатысушылар (облыс қонақтары) үшін Көкшетау қаласының жоғары колледждері бойынша мәдени – танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Екінші күн фасилитациялық сессия форматында өтті, оның барысында қатысушылар нормативтік құжаттарды зерделеп, оқу-әдістемелік кешендер бойынша бірыңғай ұсыныстар жасап, екі күндік семинардың қорытындысын шығарды.

Республикалық семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынымдар қабылдады.

 

 

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст