«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру – білім сапасын арттырудың негізгі шарты». республикалық оқу-әдістемелік кеңес

15.02.2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана қаласы білім басқармасының білім беруді жаңғырту орталығы 2019 жылғы 14-15 ақпан күндері Астана қаласында «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру - білім сапасын арттырудың негізгі шарты» атты орта білім беру саласындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұйымдастырды.

Әдістемелік кеңестің негізгі мақсаты - республика әдіскерлерінің педагогикалық білімі мен шеберлігінің деңгейін арттыру.

Бірінші күні отырысқа қатысушылар, қалалық, аудандық, облыстық әдістемелік кабинеттердің жетекшілері мен меңгерушілері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының баяндамаларын тыңдады.  «Қолданыстағы заңнамалық нормалардың талаптарын ескере отырып білім сапасын басқару» тақырыбы бойынша мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Дүйсембаева Айман Тельманқызы және ҚР БҒМ бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Джакипова Сандуғаш Асхатқызы сөз сөйледі. ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орта білім орталығының директоры Адамова Манара Елекенқызы 10-сыныптың білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы бойынша оқуға көшуі туралы сөз сөйледі. Білім басқармаларының, оқу-әдістемелік кабинеттерінің басшылары жаңа білім беру реформалары жағдайында мұғалімнің кәсіби дағдылары үшін орта құру мәселелерін, оқытудағы кластерлердің маңыздылығын талқылады. Кеңес қатысушыларына тәжірибе алмасу мақсатында кеңес қатысушыларына Оқушылар сарайына, балалар үйіне, № 58 «Самғау» мектебіне, менеджмент және бизнес колледжіне, № 81 «GLOBAL» мектеп-гимназиясына экскурсиялар ұйымдастырылды.

Әдістемелік кеңестің екінші күні «Зерттеу мәселесі», «Сабақты жоспарлау және бақылау», «Зерттеу тәжірибесін тарату. Сабақ талдауы» тақырыптары бойынша постерлік презентацияда, фасилитациялық сессияларда практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Көрме материалдары өте мазмұнды болды.

 Екі күн бойы республикалық оқу-әдістемелік кеңестің қатысушылары жемісті жұмыс жүргізіп, жаңа білім беру реформалары жағдайында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру туралы ауқымды ақпарат алып, оқу-әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарын талқылады.

Просмотров: 896


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст