«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ресурстық орталық - әлеуметтік серіктестік және ынтымақтастық мектебі» облыстық семинары

15.02.2019

2019 жылғы 15 ақпан күні Щучинск қаласының мектеп – интернатының ресурстық орталығы базасында «Ресурстық орталық - әлеуметтік серіктестік және ынтымақтастық мектебі» тақырыбында семинары өткізілді. Семинарға Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы Қ.А.Бекбай, облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Г.Б.Кушпаева,   облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Р.Б.Баганалинова, Бурабай ауданының білім бөлімінің басшысы Ж.М.Төлегенов, шағын жинақты мектептердің жұмысына жетекшілік ететін облыстық, аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, ресурстық және магниттік мектептердің директорлары, орынбасарлары, мұғалімдері қатысты. Семинарға барлығы 70-тен астам педагог қатысты. Семинардың мақсаты: сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) білім беру ресурстарын шоғырландыру бойынша жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін анықтау, тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) жұмыс тәжірибесін жалпылау. Семинардың негізгі міндеті облыстағы тірек мектептер жұмысында құзыреттілікті дамытуды қамтамасыз ету үшін практикалық тәжірибе алмасу болды. Семинарда ресурстық орталықтың қызметін нормативті-басқарушылық сүйемелдеу, ресурстық орталықтың тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау, ресурстық орталықтың тірек және магниттік мектептерінің өзара әрекет етуі, ресурстық орталықта оқу-тәрбие үдерісін бағдарламалық-әдістемелік сүйемелдеу сияқты  негізгі мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар семинарға қатысушылардың назарына сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, кәсіптік бағдар беру және психологиялық жұмыстар ұсынылды. «Ресурстық орталықтың проблемалары мен даму перспективалары»  өзекті тақырыбы бойынша пікір алмасылды, болашақта магниттік мектептердің стратегиялары мен жұмыс тактикасын әзірлеу, оқыту сапасын арттыру мәселесін зерделеу бойынша ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 486


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст