«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін зерделеу және жұмыс тәжірибесін жинақтау

19.02.2019

2019 жылғы 13-15 ақпанда ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ жұмыс жоспарының 13 тармағына сәйкес жаңартылған мазмұн және әдістемелік көмек көрсету аясында ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен өзін-өзі оқыту дағдыларын дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша педагогтардың іс-әрекетін зерттеу және жұмыс тәжірибесін тарату мақсатында Көкшетау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына бару ұйымдастырылды. ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің аға сарапшысы Ж. Б. Бликова және білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.З. Нұрмағанбетованың құрамында жұмыс тобы Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы № 38 «Сәуле» бөбекжай-бақшасында, № 21 «Ақбота» бөбекжай-бақшасында болды.  

Ұймдастырылған іс – шара аясында Көкшетау қаласының № 38 «Сәуле», № 21 «Ақбота», Бурабай ауданының «Ромашка»,  Зеренді ауданының «Арайлы», «Бөбек» бөбекжай-бақшаларының меңгерушілерімен, әдіскерлерімен нормативті-құқықтық базасы және ерте жастағы балаларды дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Ерте даму топтарына бару барысында әлеуметтік дағдылар мен өзін-өзі оқыту дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін пәндік-кеңістіктік дамыту ортасын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді және одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар берілді.

 

 

Просмотров: 565


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст