«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үш тілде оқыту: ізденістер мен шешімдер» Республикалық әдістемелік семинар

21.02.2019

 «100 қадам» Ұлт жоспарының 79 қадамын және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың   2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылғы 21-22 ақпан күндері  Ақмола облысының 11 адамнан құрылған  делегациясы Қостанай қаласында өткізілген  «Үш тілде оқыту: ізденістер мен шешімдер» атты Республикалық әдістемелік   семинарға қатысты.

 Семинарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдері, сондай-ақ білім басқармаларының мектеп бөлімдерінің басшылары және Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары мен Астана қаласының үш тілде оқытуды енгізуге жетекшілік ететін әдіскерлер қатысты. 

Республикалық семинарға қатысушылар екі күн бойы Қостанай облысының өңірлік практикалық алаңдарына барып, жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерін ағылшын тілінде оқыту ісі бойынша  жаңа тәжірибе алды.

 

Просмотров: 455


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст