«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы «Ақмола облысы білім басқармасының 2018 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттер туралы»

22.02.2019

2019 жылғы 21 ақпанда Ақмола облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті, оған облыс әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы Мүсірәлімова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Республикалық Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары Шолпан Таңатқызы Каринова, Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкері Анар Досмұхамет қатысты..

        Алғаш рет кеңейтілген алқа отырысы жаңа форматта өтті. Сағат 10.00-де бір уақытта үш секция жұмыс істей бастады:

  1. 1) аудандар (қалалар) әкімдері орынбасарларының, Облыстың білім беру ұйымдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен орталықтары басшыларының секциясы;
  2.  Аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілерінің секциясы;
  3. Техникалық және кәсіптік білім беру директорларының секциясы.

Пленарлық отырысында «Ақмола облысы білім басқармасының 2018 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттер туралы»  тақырыбы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов сөз сөйледі.

Алқа жұмысы барысында «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында педагогтың кәсіби дамуы», «Білім берудің жаңартылған мазмұнын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету», «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын іске асыру», «Цифрландыру – уақыт талабы», «Мектепке дейінгі білім беруді дамыту» баяндамалары тыңдалды.

 Секциялық жұмысында облыс прокурорының аға көмекшісі А. Молдахметова «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар: жағдайы, талдауы және қабылданып жатқан шаралар» мәселесін баяндады.  «Bilim foundation» қоғамдық қорының атқарушы директоры Е. Айтмұхамбетов кәмелетке толмағандардың денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру туралы айтып өтті.  «Zertis» жобасының негізін қалаушы Д. Тастанбеков пен «Бурабай-Даму» ЖШС директорының орынбасары Р. Әділов өз баяндамаларында облыс мектептері оқушыларының ғылыми жобаларға қатысуының маңыздылығын көрсетті. Сонымен қатар, секциялар жұмысында жас педагогтармен жұмыс, кәсіби бағдар беру жұмысы, колледж студенттерінің WSK аймақтық чемпионатына қатысуы, білім беру технологиялары мемлекеттік стандартты іске асыру құралы ретінде, инклюзивті білім беру мәселелері сияқты өзекті мәселелер көтерілді. «Үздік орта білім беру ұйымы» грантының иегерлері: № 3 мектеп- гимназиясы, № 5 мектеп-гимназиясы, № 6 мектеп-лицейі.

 Алқа қатысушылары жұмыстың негізгі тақырыптарын талқылап, білім беру процесін жақсарту, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларды ғылыми-зерттеу жобаларына тарту саласында салмақты шешімдер шығарды. Уақытылы орындалуы білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында білім беру ұйымдарының тиімді қызметін арттыруға әкеледі.

Просмотров: 518


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст