Текст
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында №11 «Арай» балабақшасы базасында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжімен ұйымдастырылған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan» аймақтық чемпионаты өтуде. Чемпионаттың конкурстық тапсырмалары 5 модульден тұрады: А модулі «Сөйлеу дамуы», B модулі «Құрастыру және робототехника», C модулі «Көркем-эстетикалық даму» және «Ата-аналармен өзара іс-қимыл», D модулі «Танымдық даму», E модулі «Физикалық даму».