2019 жылдың 27 ақпан күні Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыка колледжінде инклюзивті тәжірибені енгізу және дамыту бойынша тәжірибені тарату мақсатында Ақмола облысы мен Қазақстан Республикасында алғашқы рет инклюзивті білім беру фестивалі өтті.
Фестивальге білім беру ұйымдарының инклюзивтік тәжірибесін енгізу бойынша тірек: балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер, колледждер, сондай-ақ аудандық (қалалық) білім бөлімдері қатысты.
Фестивальді Ақмола облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Валерий Георгиевич Гамазов ашты, 2010 жылдан бастап облыстың білім басқармасы инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыс жүргізуде, оның негізгі принципі ерекше білім беруді қажеттілік етеін баланың жалпы білім беру ортасында салауатты құрдастарымен бірге білім алуға, тиісті жағдай жасалуына құқылы.
Ағымдағы жылы Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесіне 5 жыл толады, оның төрағасы ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Ибраев Марат Өмірбайұлы. Осы кезеңде облыстың инклюзивті білім беру жүйесінің одан әрі қалыптасуы мен дамуының негізі қаланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық-талдау орталығы біздің облыста Үйлестіру кеңесінің жұмыс істеуінің оң тәжірибесін басқа өңірлерге одан әрі тарату үшін ұсынды.
Жалпы, Валерий Георгиевич атап өткендей, облыстың білім басқармасы мен инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі ерекше білім беруді қажеттілік етеін баланың барлық деңгейде – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін ұйымдастыру бойынша жоспарлы жүйелі жұмыс жүргізуде.
Фестивальдің арнайы қонақтары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры С. Қ. Исмагулова және Орталықтың аға ғылыми қызметкері Б. Қ. Мырзағалиева болды. С. Қ. Исмагулова Академия президенті Ж. О. Жылбаевтың атынан құттықтау сөзін айтып, алғыс хатын табыстады.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» партиясы Ақмола филиалы төрағасының орынбасары А. Д. Біржанов құттықтау сөз сөйлеп, фестивальдің номинанттарына алғыс хаттар табыс етті.
Диплом және бағалы сыйлықтар иегерлері:
- «Мектепке дейінгі тірек білім беру ұйымдары» номинациясы бойынша Степногорск қаласының «Балауса» бөбекжай-бақшасы;
- «Тірек жалпы білім беретін мектептер» номинациясы бойынша Ақкөл қаласы, № 4 Ақкөл орта мектебі;
- «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары» номанициясы бойынша – Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі;
- «Аудандық (қалалық) білім бөлімдері» номинациясы бойынша Целиноград ауданының білім бөлімі.
Облыстық ресурстық орталықтар – Көкшетау қ. № 7 «Айша» балабақшасы, Көкшетау қ. № 19 орта мектебі, Көкшетау қ. № 1 құрылыс-техникалық колледжі инклюзивті тәжірибелерді енгізу және тарату бойынша белсенді қызметі үшін фестивальдің арнайы дипломдарымен марапатталды.
Фестивальге қатысушы барлық білім беру ұйымдарына инклюзивті білім беру бойынша сертификаттар мен әдістемелік құралдар жиынтығы тапсырылды.