2019 жылғы 1 наурызда Біржан сал ауданы Абай атиындағы №2 ОМ ресурстық орталығы базасында әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ресурстық орталық: білім беру және тәрбие ортасы» тақырыбында семинар болып өтті. «Ресурстық орталық: білім беру сапасын арттырудың өзекті мәселелері» атты облыстық жоба аясында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептердің білім беру үдерісін ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Семинарға Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы К.А.Бекбай, Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Ж.Д.Баймакова, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Р.Б.Баганалинова, Ресурстық орталықтардың жұмысына жетекшілік ететін аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, ресурстық және магниттік мектептердің директорлары, орынбасарлары, мұғалімдері қатысты. Семинарға барлығы 35 педагог қатысты. Жұмыс жоспарына сәйкес оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік сүйемелдеу, заманауи инновациялық технологияларды пайдалану мәселелері зерделенді. Ресурстық орталықтарды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүйелі жұмысқа назар аударылды. Сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға қатысу ұйымдастырылды. Семинар соңында дөңгелек үстел өткізілді, онда ресурстық орталықтар мен магниттік мектептердің жұмысындағы өзекті мәселелер талқыланып, конструктивтік ұсыныстар берілді.