2019 жылғы 5 наурыз күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы көпсалалы колледжінде «Study Inn» холдингінің ұйымдастыруымен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқулықтар мазмұнын талқылау үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдері мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өтті.
Семинар жұмысына 60-қа жуық облыс мұғалімдері қатысты.
Қорытындысы бойынша кері байланыс өткізілді, онда мұғалімдер сабақтар мен іс-шараларға қатысқан кезде алған әсерлерімен бөлісті және баспа өкілдеріне өз тілектерін білдірді. Оқулықтар бойынша ұсынымдар талқыланып, қабылданды және семинар қатысушыларына сертификаттар берілді. Семинар қатысушылары ұйымдастырылған іс-шара үшін алғыстарын білдірді және осындай семинарларды өткізу қажет екенін айтты.