2019 жылдың 5 наурыз күні Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Атбасар қаласының №1 орта мектебінде «Адамдағы барлық жақсы қасиеттер - күн нұры мен ана мейірімінен басталады» атты көп балалы аналар форумы өтті.
Мерекелік безендірілген салтанатты іс-шараға Атбасар ауданының 45 көп балалы аналары жиналды.
Салтанатты шараны Астана қаласы Отбасылық тәрбиелеу институтының бас директоры Софья Львовна Евдокимова ашты. Мерекелік әдеби-музыкалық бағдарлама қонақтардың назарына үлкен әсер қалдырды.
Іс-шара жылы, мерекелік жағдайда өтті, аналар отбасындағы дәстүрлер, әжелердің отбасындағы орны туралы айтып, сүйікті тағамдарының мәзірімен бөлісіп, сүйікті әндерін шырқады.
Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Т.Т.Жүнісовтің атынан көп балалы аналар Алғыс хаттарымен марапатталды.