2022 жылғы 11 наурызда «Балаларды ерте дамыту институты» РММ, Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ ұйымдастыруымен «Шымырлық пен шеберлік күні» конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен, ұлттық ойындарымен таныстыру және шығармашылық жұмысқа тарту арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
Конкурс екі бөлімнен тұрды: «Ханталапай» - ұлттық ойындарды ұйымдастыру мен өткізу және «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» балалар мен ата-аналардың қатысуымен қолөнер бұйымдарын дайындау.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Ханталапай» ұлттық ойындар конкурсы:
І орын – Астрахан ауданы «Алпамыс» балабақшасының тәрбиеленушісі: Бақытбек Мади, Иванова Вероника, Хильченко Кристина, Оборовский Демид, Талипов Эльдар, Пирмахамбет Алинур, педагог Скрыль Ульяна Борисовна
ІІ орын - Ақкөл ауданы «Арайлым» балабақшасының тәрбиеленушісі: Ахмади Әйбек, педагог -Калиева Куляш Шауалиевна.
ІІІ орын –Жақсы ауданы Запорожье ауылы «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері: Личман Максим- 5 жас, Труш Кирилл- 5 жас, Забавко Мария- 3 жас, Забавко Ксения -4 жас, Абдугалимова Дильнур - 4 жас, Синдарев Святослав- 4 жас, педагог - Саткожина Асемгуль Тагаровна.
«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» қолөнер бұйымдарын дайындау:
І орын- Астрахан ауданы «Алпамыс» балабақшасының тәрбиеленушілері: Еженхан Бейбарыс Жұлдызұлы-5 лет, Жолбарысханқызы Гүлмайран- ата-ана, педагог -Кожабаева Бибигуль Калиевна.
ІІ орын – Атбасар қаласы «Еркежан» балабақшасының тәрбиеленушілері: Акулова Анастасия Жүсіп Айтуар, Кенесары Аблайхан, Коренько Алиса, Мезенцева Руслана, Серік Дәмелі, педагог - Сахнова Нина Анатольевна.
ІІІ орын - Аршалы ауданы «Солнышко» балабақшасының тәрбиеленушілері: Жалғасбай Ақназар -3 жаста, педагог - Сагиденова Эльмира Кабдуллаевна.
Жеңімпаздар грамоталармен және дипломдармен марапатталды.