БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі ҚР БҒМ, ЮНИСЕФ және ҚР ДСМ РПДҒПО бірлескен жоспары шеңберінде мектеп психологтарының әлеуетін арттыру үшін іс-шараларды жалғастыруда. 2022 жылғы 15-16 наурызда Ақмола облысы білім беру ұйымдарының педагог-психологтары оқыту вебинарына қатысты.
Вебинар барысында білім беру ұйымдарының мамандарына арналған 5-8 сынып оқушыларын әлеуметтік-эмоционалды оқыту бойынша бағдарламаның көрсетілімі. Кіші жас жасөспірімдерге арналған (10-14 жас) «Майя және оның достары» комикстерін қолдана отырып, «Эмоцияларды басқару» бағдарламаның бөлімі ұсынылды.
Бағдарлама мектепте оқушылардың психикалық денсаулығын нығайту және аутодеструтивті мінез-құлық тәуекелдерін азайту бойынша алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, вебинарда осы бағдарламаны іске асыру аясында педагог-психолог пайдалана алатын басқа да ресурстар қарастырылуда.