Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 17 наурызда оқытудың жаңа формаларын, құралдарын, әдістерін көрсетуге мүмкіндік беретін «Оқытудың білім беру үдерісіне мультимедиялық технологияларды енгізу» тақырыбында онлайн-семинар өтті.
Семинарда колледждердің жалпы орта білім беретін пәндердің оқытушылары сөз сөйледі. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында Padlet, Miro онлайн-тақтасын, Wordwall платформасын пайдалану ерекшеліктері туралы Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің оқытушысы Г.Е. Ибраева, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледждің оқытушысы К. Ж. Искендерова, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің оқытушысы З.К. Иткусова айтып өтті.
Инновациялық технологияларды қолдануды, Prezi, Liveworksheets қосымшаларында дидактикалық материалдарды құруды Степногорск қаласының жоғары колледжінің оқытушысы Е.М Жетписова, Көкшетау қаласы жоғары Қазақ гуманитарлық колледжінің оқытушысы А.С.Анисова көрсетті.
Семинарға 80-нен астам жалпы орта білім беретін пәндердің оқытушылары мен колледж әдіскерлері қатысты.