2019 жылғы 13 наурызда Атбасар қаласының № 3 орта мектебінде Жарқайың, Жақсы, Атбасар аудандарының кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі үйлестірушілерге арналған семинар өтті. Семинарға Атбасар ауданының кәсіпкерлер палатасының, ата-аналар және қамқоршылық кеңесінің өкілдері, мектеп оқушылары қатысты. Семинар жұмысына барлығы 100-ден астам адам қатысты. Семинар шеңберінде Атбасар ауданы мектептері оқушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі, кәсіби бейімдеу бойынша кабинеттің тұсаукесері ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылар алдында мектеп директоры Г. А. Кизкенова сөз сөйледі, өз сөзінде ол кәсіби бағдар беру жұмысы аясында мектепте өткізілетін іс-шаралар туралы айтты. Семинардың жарқын сәттерінің бірі мектеп алды сынып тәрбиеленушілерінің сөз сөйлеуі болды.
Аудандық аурухананың дәрігері Д. Б. Сыздыкова, педагогикалық еңбек ардагері Р.Р.Саутбекова, ТЖБ кіші лейтенанты М. М. Нұрпейісов, "Престиж" ЖК шаштаразы О. С. Колесниченко өз мамандығының қыр-сырымен бөлісті.
"Кәсіби бағдар мәселесі, бұл қысқа мерзімді болуы мүмкін емес және оған мектептердің өздері де, аудан басшылығы да, әрине, болашақ жұмыс беруші де қатыса алады. Біз оқушыларымыздың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау міндетін бірге шешеміз", - деп атап өтті Атбасар аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлжан Аманқызы.
Үйлестірушілер жұмысының түрлері мен әдістері туралы Атбасар қ.№ 6 ОМ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Д.Берденова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.К.Нурмагамбетова өз сөзінде айтты.
Атбасар қаласының № 3 орта мектебінің мұғалімдері оқушыларға тренингтер өткізді. Көкшетау жоғары медициналық колледжінің оқытушыларының баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды. Аграрлық-индустриялық колледждің өндірістік оқыту шеберлері шеберлік сағаттарын өткізді.
Оқушылар колледждің шеберханаларына барып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, сол сұрақтарына толық жауап ала алды. Семинар қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.