2019 жылғы 14-15 наурыз күндері Көкшетау қаласының № 17 орта мектебінің базасында білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазовтың қатысуымен «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың облыстық байқауы өтті.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушы – Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті. Жас мамандарға педагогикалық саласының ардагері О.И. Мырзагелдинова құттықтау сөздерін жолдады.
Байқаудың негізгі мақсаты - жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуіне және оларды облыстың білім беру мекемелерінде жұмыс істеуіне жағдай жасау, сондай-ақ Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын және Жастар жылына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде педагогтардың инновациялық белсенділігін дамыту.
Бұл сайыста Ақмола облысының жалпы білім беретін ұйымдарының 17 жас жеңімпаздары (жұмыс өтілі 3 жылға дейін) қатысты:
1. Сагит Оразкүл Дүйсенбайқызы, Ақкөл ауданы, Минская ОМ өзін-өзітану пәні мұғалімі;
2. Журкин Ернар Балтабайұлы Аршалы ауданы, Волгодонов ОМ физика пәні мұғалімі;
3. Оспанова Альбина Нургазиевна, Атбасар ауданы, № 3 ОМ дүниежүзілік тарих пәні мұғалімі;
4. Сабырова Диана Аманжоловна, Біржан сал ауданы, Донская ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі;
5. Алмеш Бекмұрат Әділханұлы, Бурабай ауданы, Щучинск қ. № 9 МГ физика пәні мұғалімі;
6.Калиева Сандуғаш Габдумажитовна, Егіндікөл ауданы , № 1 ОМ информатика пәні мұғалімі;
7. Шпекбаева Айдана Кунакбаевна, Ерейментау ауданы, Перуаш Кәрімұлы атындағы ОМ информатика пәні мұғалімі;
8. Бигужанов Асхат Ерболович, Есіл ауданы, Игілік бастауыш мектебінің тарих пәні мұғалімі;
9. Кайыржанов Алтынбек Арманович, Жақсы ауданы Запорожское орта мектебінің тарих пәні мұғалімі;
10. Нұрсұлтан Диана Қайыржанқызы, Жарқайын ауданы, Кенская бастауыш мектебінің орыс сыныбында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
11. Тюлегенов Қариппола Ержанұлы, Зеренді ауданы, Приреченская орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі;
12. Тупик Кристина Валерьевна, Сандықтау ауданы, Максимовская орта мектебінің биология пәні мұғалімі;
13. Бейсембаев Рауан Серикович, Целиноград ауданы Қосшы орта мектебінің физика пәні мұғалімі;
14. Сарсенби Ақынбай, Шортанды ауданы, Новоселовкая орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;
15. Оғадиев Рамазан Сакенұлы, Степногорск қ,, Косарев атындағы орта мектебінің № 9 география пәні мұғалімі;
16. Асылбек Толғанай Талғатқызы, Көкшетау қ., ІT мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі;
17. Торсунова Бахытгуль Рамазановна, Көкшетау қ., № 3 дарынды балалар мектебінің биология пәні мұғалімі.
Сайыскерлер үш тапсырманы орындады: 1) «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу; 2) «Шығармашылық жолының басталуы» өзін-өзі таныстыруы; 3) «Ашық сабақ» беруі (20 минуттық панорамалық сабақ).
Үш тапсырма қорытындысы бойынша қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтап, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады:
ІІІ дәрежелі Дипломмен Көкшетау қаласының ІТ мектебінің биология пәнінің оқытушысы Асылбек Толғанай Талғатқызы;
ІІ дәрежелі Дипломмен Целиноград ауданы Қосшы с. №2 ОМ физика пәні мұғалімі Бейсенбаев Рауан Серікұлы;
І дәрежелі Дипломмен Жақсы ауданы Запорожск ОМ тарих пәнінің оқытушысы Қайыржанов Алтынбек Арманұлы.
Облыстық байқауының қатысушылары Ақмола облысының білім басқармасы басшысының Грамоталары мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Байқауының үш жеңімпазы ағымды жылдың сәуір айында Ақмола облысынан аталған байқауының республикалық кезеңінде өз кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Жүлдегерлерге Республикалық байқауында да жүлделі орын алуға тілектеспіз!
Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті байқаудың ұйымдастыруында көмек көрсеткен Ж. Мусин атындағы Қазақ педагогикалық колледж және Біржан сал атындағы Музыкалық колледжінің әкімшіліктеріне үлкен алғыс білдіреді.