ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 15 наурызда Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарының балалары арасында «Ханталапай» облыстық (сырттай) конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты - ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту, қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрін таныстыру. Конкурсқа 17 аудан мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 80 мектепке дейінгі ұйым қатысты.
«Ханталапай» облыстық (сырттай) конкурсының қорытындысы бойынша «Үздік бейне материал» және «Үздік фотоколлаж» номинациялары бойынша мектепке дейінгі ұйымдар жүлделі орындарға ие болып, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдарымен марапатталды.
«Үздік бейне материал» номинациясы бойынша
Гран-при:
Көкшетау қ., № 2 «Жұлдыз» балабақшасы;
1 орын:
Степногорск қ., «Нұршуақ» бөбекжай - бақшасы;
2 орын:
Бұланды ауданы, Макинск қ., «Балдырған» мектеп- балабақшасы;
3 орын:
Целиноград ауданы, Ақмол а., «Жұлдыз» балабақшасы;
«Үздік фотоколлаж» номинациясы бойынша
Гран-при:
Атбасар ауданы, Атбасар қ., № 4 «Еркежан» балабақшасы;
1 орын:
Бурабай ауданы, Щучинск қ., «Ақбота» бөбекжайы;
2 орын:
Жақсы ауданы, «Дән» балабақшасы;
3 орын:
Есіл ауданы, Есіл қ., №1 «Гүлдер» бөбекжайы.
Қалған қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Жеңімпаздардың жұмыстары Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ресми сайтында орналастырылған.
«Ханталапай» облыстық (сырттай) конкурсының «Үздік бейне материал» және «Үздік фотоколлаж» номинациялары бойынша келесі жүлдегерлер «Ханталапай» республикалық (сырттай) конкурсқа жолдама алды:
Көкшетау қ., № 2 «Жұлдыз» балабақшасы, Степногорск қ., «Нұршуақ» бөбекжай - балабақшасы, Атбасар ауданы, Атбасар қ., № 4 «Еркежан» балабақшасы, Бурабай ауданы, Щучинск қ., «Ақбота» бөбекжайы.
Республикалық байқауда сәттілік тілейміз!!!