2019 жылдың 3 сәуір күні Ақкөл ауданы Ж. Бектұров атындағы № 3 орта мектеп базасында «Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы қызметі» атты облыстық семинар өтті. Облыстық аймақтық семинар жұмысына Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Бұланды, Егіндікөл, Шортанды аудандарының тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлері мен сынып жетекшілері қатысты. Жалпы қатысушылар саны: 50 адам.
Семинардың мақсаты: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы контекстінде қазақстандықтардың санасының жаңа моделін қалыптастыру; оқушыларды патриоттық тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау.
Басты назарды талқылауға бағытталған мәселелер:
- білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы жүйесінің ерекшеліктері;
- сабақтан тыс уақытта оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын енгізу арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу туралы.
Семинардың негізгі бөлігінен кейін шеберлік сағаттар өткізіліп, онда сынып жетекшілері тиімді педагогикалық технологияларды, оқушылармен және ата-аналармен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін көрсетті.
Семинар барысында қатысушылар Ақкөл ауданының қосымша білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жұмыс көрмесіне және мектеп мұражайына барды.
Облыстық аймақтық семинарға қатысушылары қорытынды ұсыныстар жасады.