24 наурызда Щучинск қаласындағы жоғары педагогикалық колледжінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтері үшін «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» форумы өтті.
Форум жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов қатысты.
Ұйымдастырған шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтері, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, колледждердің, біліктілікті арттыру институтының мамандары шақырылды. Барлығы 500-ден астам оффлайн және онлайн форматта педагог қатысты.
Форум 2 кезеңде өтті: секциялар жұмысы және пленарлық отырыс. Бірінші бөлімде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ғылыми негіздеу және қолдау», «Сапа өлшемшарттары және менеджмент», «Ойын - баланың негізгі әрекеті және дамытудың негізгі құралы», «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі» тақырыптары бойынша бірнеше секция ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту бағыттары, мектепке дейінгі білім беру педагогтарының кәсіби және тұлғалық өсуі, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрларын даярлау, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы және басқалар талқыланды.
Облыстық іс-шараның қатысушылары «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың инновациялық технологиялары» тақырыбындағы көрмені тамашалай алды.
Форум соңында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б. Жүсіпов қорытынды жасап, форум қатысушыларымен ұсынылған ұсыныстар мен мәселелер облыстық білім басқармасымен қарастырылатынын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жолданатынын атап өтті.