«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нұр-Сұлтанда аутизм бойынша үкіметтік емес ұйымдардың бірінші республикалық форумы өтті

08.04.2019

2019 жылғы 5 сәуірде Нұр-Сұлтан Тәуелсіздік сарайында аутизм бойынша үкіметтік емес ұйымдардың бірінші республикалық форумы өтті. Ұйымдастырушы аутизм, ерекше қажеттіліктері бар және жетім балаларды қолдау бойынша «AINAR» қоғамдық қоры. Форум жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, Ресей Федерациясының, Украинаның халықаралық сарапшылары, Қазақстандағы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы өкілдігінің басшысы, білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің өкілдері; Денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру, мәдениет басқармалары; білім беру ұйымдарының, ҮЕҰ педагог қызметкерлері, сондай-ақ ата-аналар қатысты. (Барлығы 200 адам). 

Ақмола облысының делегациясы құрамында: Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Б. Дүйсенова, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері М.А. Дударева, Степногорск қ. № 2 ауданаралық ПМПК меңгерушісі Р.Т. Санатова, облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері К.С. Раскулов, Көкшетау қ. арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры А.К. Жапарова, «Мирас» ҚҚ атқарушы директоры И.А. Костицина  қатысты.

Балалар омбудсмені, ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.М. Айтпаева ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша мәселенің өзектілігі туралы айтты. ДДҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын елімізде аутистік спектрі бұзылған балалар саны артып келеді.Мұндай балалардың саны туралы нақты статистика жоқ. Форумға қатысушылар Мәскеу қаласындағы АСБ балаларды сүйемелдеу жөніндегі ресурстық орталықтың жұмыс тәжірибесін, менталдық бұзушылықтары бар жасөспірімдер мен жастарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік оңалту мәселелерін тыңдады. Форумда Қазақстанның медициналық ұйымдарында аутизмді ерте диагностикалауды енгізу, түзетудің үздіксіз жүйесін құру, әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік ынталандыру шараларын қабылдау қажеттілігі туралы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды (тұлғаларды) оқыту және әлеуметтендіру проблемалары бойынша министрліктердің, әкімдіктердің, басқармалардың, ҮЕҰ өзара байланысты қызметі туралы мәселелер көтерілді. Ата-аналардың, педагог қызметкерлердің көптеген сұрақтарына Министрлік өкілдері, невролог-дәрігерлер, психиатр-дәрігерлер, ҮЕҰ өкілдері жауап берді.

 

 

 

 

 

Просмотров: 594


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст