«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Инновациялық қызмет арқылы білім беру сапасын арттыру»

11.04.2019

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу - әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 10 сәуірде Сандықтау ауданының №1 Балкашин ОМ базасында «Инновациялық қызмет арқылы білім беру сапасын арттыру» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті мәселелері бойынша білім беру мекемелерінің инновациялық қызметін зерделеу, нормативтік-құқықтық құжаттарды жүйелеу, оқу-тәрбие процесін сүйемелдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету. Семинарға облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары, п.ғ.к. Г.Кушпаева, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің басшылары Р.Б.Бағаналинова,  Ш.К. Қажығалиева, Сандықтау ауданы бойынша мектеп директорларының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтар мен сынып жетекшілері қатысты. Семинарға барлығы 70-тен астам педагог қатысты.

Оқыту семинары аясында аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен мектеп директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен білім беру жүйесінің инновациялық аспектілері, жедел басқару негізі ретінде мектепішілік бақылау бойынша педагогикалық жағдай жасау мәселелері жөнінде  дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, басшы кадрлар резервін дайындау, инновациялық қызметте шағын жинақты мектеп педагогын әдістемелік сүйемелдеу және жалпы орта білім беру ұйымдарында әлеуметтік, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері қаралды. Білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері бойынша аудандық кабинеттің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу мәселелері бойынша көмек көрсетілді.

Оқыту семинарының қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, электронды және қағаз нұсқаларында нормативтік құжаттар жинақтары ұсынылды.

Просмотров: 540


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст