«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі ұйымдағы жобалау-зерттеу қызметі» облыстық семинар-практикум

11.04.2019

Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы  10 сәуірде Сандықтау ауданының «Мирас» балабақшасы базасында Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарында ұзақ мерзімді инновациялық жобаларды енгізу бойынша білім бөлімінің әдіскерлеріне, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілеріне «Мектепке дейінгі ұйымдағы жобалау-зерттеу қызметі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Аталған семинар-практикум педагогтарды жобалау технологияларын игеруде педагогтардың кәсіби белсенділігі мен шығармашылығын дамыту үшін жобалау қызметімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Оған ауданның 45-тен астам педагогы қатысты. Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша әдіскері Айман Негметжанқызы Кажахметова алғы сөз сөйледі.

Аталған іс-шарада балабақша тәрбиешілері Цуцурина Светлана Анатольевна және Есенбаева Шамшия Темирбаевна мына  тақырыптарда ашық сабақтар берді «Қайдан келдін бауырсақ?», «Аппликация» және Сандықтау ауданы «Мирас» балабақшасының әдіскері Әсем Шынғожақызы Үйсімбаеваның және Сандықтау ауданы «Ер Төстік» балабақшасының әдіскері Нағима Балабекқызы Тоқушеваның баяндамалары тыңдалды.

Барлық сөз сөйлеушілерді тыңдап, қатысушылар қызметтің өзектілігін құру бойынша проблемалар мен перспективаларды талқылады, мектепке дейінгі балалар ұйымдары педагогтарының инновациялық - шығармашылық жобаларды енгізу жұмысының негізгі бағыттары бойынша және тәрбие-білім беру, инновациялық-шығармашылық қызметті ұйымдастыруда жоспарлы және жүйелі жұмыс үшін жағдай жасау, балалар мен ата-аналарды әртүрлі қызмет түрлеріне тарту бойынша пікір алмасты.

Семинар-практикумның қорытындысы бойынша қатысушылармен бірлескен жұмыс үшін әдістемелік ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 635


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст