«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау және рефлексия» тақырыбында оқыту семинары

12.04.2019

 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (бұдан әрі – Академия) Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің жоспарына сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  бірлесіп 2019 жылғы 12 сәуірде Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы базасында «Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау және рефлексия» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің қолдауымен ұйымдастырылған семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорларының орынбасарлары мен мұғалімдері қатысты. Семинар жұмысына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беруді дамыту орталығының директоры Исмагулова Светлана Кужаковна қатысты.

Семинардың мақсаты - тыңдаушылардың сабақты тиімді жоспарлау және бақылау, сындарлы кері байланыс және өз қызметінің рефлексиясы бойынша дағдыларын дамыту.

Семинар сессиялары барысында қатысушылар сабақты тиімді жоспарлау тәсілдерін, сыныптағы бақылау дағдыларын қалыптастыру, теория мен практиканы біріктіретін интеграцияланған тәсіл негізінде сындарлы кері байланыс пен өзіндік тәжірибе рефлексиясын ұсыну мәселелерін талқылады.

Практикалық сабақтар форматында оқытудың белсенді әдістері қолданылды: модерация, миға шабуыл, өзара баға беру, бұл тыңдаушыларға сабақты бақылау және конструктивті кері байланыс беру, өз тәжірибесінен рефлексия өткізу және сабақтың тиімді жоспарының құрылымын талқылау дағдыларын пысықтауға мүмкіндік берді.

Семинардың мазмұны тыңдаушыларға сындарлы кері байланыс беру мақсатында мұғалімдердің сабақтарына қатысу және бақылау кезінде тиісті әдістер мен тәсілдерді қолдануға қатысты қолдау көрсету қажет. Рефлексия ретінде қатысушыларға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясынан  кері байланыс сауалнамасы ұсынылды.

Оқыту семинарына 75 тыңдаушы қатысты.

Просмотров: 937


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст