Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылы 12 сәуірде Щучье қаласындағы № 7 ОМ базасында "Химия және биология пәндері бойынша олимпиада есептерін шешу" тақырыбында облыстық семинар -практикум өтті.
Семинардың мақсаты: химия және биология мұғалімдерінің әдістемелік құзыреттілігін арттыру, педагогикалық шеберлікті жетілдіру, оқушыларды олимпиадалық тапсырмаларды шешуге дайындау кезінде пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Семинар аясында ашық сабақтар, шеберлік сағаттар, коучингтер өткізілді.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- Зат формулаларын анықтауға арналған химиялық есептерді шешудің негізгі тәсілдері;
- Генетикалық есептерді шешу;
- Олимпиадалық тапсырмаларды шешу тәсілдері мен әдістері.
Семинарға қатысушылар тапсырмаларды шешті, олимпиадалық есептерді шешу ерекшеліктерін, балаларды химия және биология пәндері бойынша олимпиадаларға қатысуға дайындау әдістемесін талқылады, өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында барлық тыңдаушыларға грамоталар мен қатысу туралы куәліктер табыс етілді. Семинарға барлығы 52-ден астам педагог қатысты. Семинарға қатысушылар семинардың маңыздылығын атап өтіп, семинар ұйымдастырушыларына және пән мұғалімдеріне үлкен алғыстарын білдірді.