«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп көшбасшылығын тиімді ұйымдастыру: өзгерістер мен нәтижелер» облыстық семинар

15.04.2019

2019 жылғы 13 сәуірінде Қорғалжын ауданы Арықты орта мектебінде Ақмола облысының Жетекші мектеп директорларына арналған «Мектеп көшбасшылығын тиімді ұйымдастыру: өзгерістер мен нәтижелер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Бұл іс-шараға Аршалы, Бурабай, Біржан сал, Егіндікөл, Жақсы, Шортанды, Целиноград, Қорғалжын аудандарының  және Көкшетау, Степногорск қалаларының  мектеп директорлары қатысты.

Мектеп көшбасшылығын тиімді ұйымдастыруды ұтымды тәсілдермен, мұғалімдердің эволюациясын және іс-әрекеттегі сабақты зерттеудің тиімді нәтижелерімен тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Семинар «Тәжірибе галлереясы» тәжірибедегі қадамдардан басталды. Мектеп директоры Кульбаева Айгерім Серікбайқызы мектеп көшбасшылығын тиімді ұйымдастыруда «АDKAR» моделі арқылы мектепті басқаруда өте ұтымды екенін көрсетті. Мектептегі өзгерістер мен нәтижелер SWOT талдауда көрсетіліп, келесі мектепті дамыту жоспарына басымдылықтар анықталды. Тәжірибе галлереясында іс-әрекеттегі зерттеудің нәтижелері, кәсіби қоғамдастықтағы мүғалімдердің эволюациясы, коучинг пен тәлімгерліктің нәтижесі және осы жұмыстардың желілік қоғамдастықта дамуы туралы «Даму командасы»  өздерінің жұмыстарын қорытындылады.

Оқыту мен оқудағы 7 модульді ықпалдастыруда кіріктірілген сабақтар өткізілді. 

«Жаңаша білімге- жаңаша көзқарас» және «Здоровые дети в здоровой семье, в здоровой школе» тақырыбында ата-аналар қоғамдастығымен бірлескен жұмыс өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілеттері мен ұсыныстары жоғары бағаланды.  Дарынды және талантты балалармен «Үздіктердің үздігі» тақырыбында оқушылар өздерінің бойындағы қабілеттерін көрсетті.

«Lesson study» зерттеу кезеңі және сыныпта оқытуды жетілдіру арқылы оқушыны зерттеудегі фокус тобының жұмысы жоғары бағаланды. «Оқу үрдісіндегі модерация» тимбилдинг әдісі арқылы нәтижеге жетудің жолдары талқыланып, семинарға қатысушылар өздеріне көптеген мәлімет алды. Тәлімгер мен тәлім алушының сенімге бағытталған жұмысы мен «Көшбасшылық - білім алудың тиімді жолы» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. «Оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында білім беру технологиясындағы әр түрлі әдістерді қолдану» тақырыбында желілік қоғамдастықтың  жұмысындағы өзгерістер мен нәтижелермен бөлісті.  Іс-әрекеттегі зерттеуді тиімді жоспарлау және өткізу тренингін Көкшетау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Мусина Айгүл Даулетжанқызы және Смаилова Майра Исполқызы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Даниярова Жанаргүл Құсниденқызы «Еркін микрофон» әдісін қолданып, облыстық  семинардың барлық бағыттары бойынша қорытындысын шығарды.

Просмотров: 672


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст