2019 жылғы 17 сәуір күні Есіл қаласының №3 орта мектебінің және С.Серіков атындағы орта мектептің ресурстық орталықтары базасында «Ресурстық орталық - білім сапасын арттырудың негізі» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы К.А.Бекбай, Есіл аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Саматов, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Р.Б.Баганалинова, аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, шағын жинақты мектептердің жұмысына жетекшілік ететін мамандар, Атбасар, Сандықтау, Жақсы, Жарқайың және Есіл аудандарының ресурстық және магниттік мектептерінің директорлары, орынбасарлары, мұғалімдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: тәжірибе алмасу, ресурстық орталықтардың оқу-тәрбие жүйесінің қызметін жандандыру және білім сапасын арттыру жолдарын талқылау. Семинардың жоспарына сәйкес мұғалімдер ашық сабақтар, презентациялық алаңдар, шығармашылық шеберханалар, идеялар панорамасын көрсетті. Іс-шараға барлығы 52 педагог қатысты.