2019 жылғы 18 сәуірде Көкшетау қаласының № 19 орта мектебі базасында Ақмола облысының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Advancing learning seminar series» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Аталған семинарды өткізудің негізгі мақсаты мен міндеті облыс мектептерінде ағылшын тілінде ақпараттық – білім беру ортасын құру болып табылады.
«Advancing learning seminar series» тақырыбы мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілін оқыту әдістемесіне арналған, бұл педагогикалық және әдістемелік дағдыларды жетілдіруге, шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.
Облыстың 40 ағылшын тілі мұғаліміне дәріскер Нимиткина Людмила Николаевна шеберлік сабағын өткізді. Мұғалімдер дәріскерден кеңес алып, өздерінің сұрақтарын қойды. Мұғалімдердің пікірінше, семинар тиімді және жемісті өтті. Барлық қатысушылар «Macmillan Education» баспасының сертификаттарын алды.