Педагогикалық шеберлікті арттыру және қосымша білім беру жүйесінің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарын ынталандыру, қосымша білім беруді дамытудағы инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату мақсатында 2019 жылғы 18-19 сәуір күндері Бурабай ауданы Щучинск қаласының №2 орта мектебінде «Үздік қосымша білім беру педагогы» облыстық конкурсы өткізілді. Облыстық конкурсқа Ақмола облысының 15 қосымша білім беру педагогы қатысып, кәсіби-педагогикалық шеберлігін, шығармашылық ерекшелігін, жалпы педагогикалық тәжірибесін, қосымша білім беру жүйесінде сыныптан тыс жұмыстарды оқыту әдістемесін меңгеру шеберліктерін көрсетті. Конкурсқа қатысушылар кәсіби портфолиосын қорғай отырып «Менің кәсіби ұстанымым» атты өзін-өзі таныстыру бағдарламасын ұсынды, сондай-ақ «Қосымша білім беру құралдарымен оқушылардың тұлғасын дамытуға менің көзқарасым» атты эссесінің әдеби жанрында жоғары шеберліктерімен бөлісті.
Облыстық конкурстың жеңімпаздары:
Бас жүлде – Русонис Людмила Михайловна, Атбасар ауданы музыка мектебінің тоериялық пәндер оқытушысы;
І орын – Байзрахманова Қарлыгаш Атымбаевна, Бурабай ауданы «Арман» мектептен тыс оқыту- тәрбиелеу жұмыстары орталығының қосымша білім беру педагогы;
II орын – Развенкова Ирина Александровна, Көкшетау қаласы «Кванториум» балалар технопаркының қосымша білім беру педагогы;
III орын – Прямосудова Галина Владимировна, Бурабай ауданы Балалар өнер мектебінің қосымша білім беру педагогы. Барлық конкурсқа қатысушылар мен жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен, дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталды. Сонымен қатар барлық конкурс қатысушылары Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымының төрағасы Абдрахманов Бейсенбай Қадырұлы бағалы сыйлықтарымен марапаттады.