2019 жылғы 23-24 сәуір күндері білім беру мазмұнын жаңарту, қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне сәйкес қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, функционалдық сауаттылықты дамыту, тұлғаның үйлесімді қалыптасуы мен дамуы мәселелерінде міндеттерді іске асыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында «Заманауи мектеп: дәстүрі, жаңашылдығы, табыстары» Ақмола облысы мектептері директорларының форумы өтті.
Екі күнге созылған форумға облыстың 600-ден астам педагогы мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Форумда Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімова құттықтау сөз сөйледі.
Бірінші күні жеті секция бойынша жұмыс өткізілді, онда облыс педагогтары өз тәжірибелерімен және ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек және жаңа жүзжылдықта мектепке қандай балалар келеді деген көзқарастарымен бөлісті. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, Ақмола облысы білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жаратылыстану - ғылыми (гуманитарлық) білім беру және инновациялық технологиялар әдістемесі кафедрасы меңгерушісінің теориялық және практикалық бағыттағы баяндамалары үлкен қызығушылық танытты.
Екінші күні пленарлық отырыс барысында «Мектеп асханалары» және «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» партиялық жобаларын жүзеге асыру барысы туралы» «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.М.Бекмағанбетовтың, «Заманауи мектеп: жаңа ойлау», EDTECH халықаралық білім беру орталығының бас директоры Ғ.Б.Бейсенбаевтың, «ХХІ ғасыр мұғалімінің ұстанымы» «Ұстаз» білім беру орталығының бас директоры А.Б.Игенбаевтың, «Білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері» Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА орта білім беру орталығының директоры М.Е.Адамованың, «Білім беру технопаркі: биоинформатика және синергетика» республикалық жобаның жетекшісі Ф.Я.Вассерманның, «Шағын жинақты мектептердегі көшбасшылық және басқару» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Ж.К. Байғаринованың баяндамалары тыңдалды.
Форумдағы мектеп директорларының екі күндік жұмысы Ақмола облысының педагогтары білім беру жүйесін ұйымдастыру мен дамытуға ерекше көзқарасты белсенді іздестіруде, оның мәні педагогтардың құзыреттілік деңгейін арттыру және балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау болып табылады.